Қыр 11, 2016 19:44 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрінің Мина апатына бір жыл болуына орай айтқан жолдауы

Иранның Сыртқы істер министрі өз жолдауында осы елдің Сыртқы істер министрлігінің өткен жылғы Мина апатында қаза болғандар мен жараланғандардың құқықтарына қол жеткізгенге дейін осы апатты қадағалау жолындағы шынайы талпыныстарын жалғастыратынын айтты.

Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Мина апатына бір жыл болуына орай айтқан жолдауында: «Мина апатын қадағалау осы апатта қаза болғандардың, олардың жанұялары мен жараланғандардың құқықтарына қол жеткізгенге дейін Иран Сыртқы істер министрлігінің күн тәртібінен түспейтін болады. Бұл саудиялық режиммен қатынастың қалай болатынын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болатыны күмәнсіз»,-деп мәлімдеді.

Зариф осы жолдауда қажылық маусымның келіп жеткеніне тоқталып, Мина апатында құрбан болған мыңдаған қажыны еске алып: «Өткен жылдар барысында Байт уллах әл-Харамда қажылардың басынан өткен оқиғалар Сауд әулеті режимінің исламның қасиетті қалаларын кепілге алып, оны өзінің кекшіл әрі жікшіл саясатын үстемшілдер мен сионистерге қызмет ету жолында қалайша жұмсап жатқанын көрсетеді»,-деді.

Иран СІМ-нің Қоғамдық және ақпарат дипломатия орталығының хабарлауынша, осы жолдауда: «Саудиялық билеушілердің қырсықтығы, соқыр сенімі мен шексіз байлығы оларды рақымсыз әрі қисынсыз үкіметке айналдырды. Олар лаңкестікті тудыру, дайындау және тарату арқылы аймақ пен әлемді қазіргі заман тарихындағы ең қатерлі әрі апатты жағдайға жеткізіп, халықтар мен үкіметтерді өзінің кекшілдігі мен ақылсыз зұлымдықтарына душар етті»,-деп мәлімдеді.   

 

Тегтер