Ислам революциясы жетекшісінің Иранның статистикалық орталығының жауапты тұлғаларымен кездесуінде жасаған баяндамасы
(last modified Wed, 14 Sep 2016 09:17:59 GMT )
Қыр 14, 2016 15:17 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің Иранның статистикалық орталығының жауапты тұлғаларымен кездесуінде жасаған баяндамасы

Ислам революциясының жетекшісі статистика мен нақты әрі ғылыми мәліметтерді ИИР үшін тиімді шешім қабылдаудың негізгі тұғыры деп атады.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сейсенбі күні адам мен тұрғын үйді санау штабының жауапты тұлғалары, Жоғары кеңестің мүшелері, Иранның статистикалық орталығының басшыларымен кездесуінде халықтық санақтың маңыздылығына тоқталып, Иранның барлық халқының байсалды түрде осы маңызды іске атсалысуы керектігін баса айтып: «Иран халқы елдегі шешімдер дұрыс, орынды және тиімді болуы үшін осы маңызды жобаға қатысып, қажетті статистикалық мәліметтерді  статистикалық органдарға нақты беруі тиіс.

Статистикалық мәліметтерде қалыптасқан жағдай да көрсетіліп, өзгеріс үдерісі де анықталуы қажет. Өзгерісі көп қазіргі заманда елдің жауапты тұлғалары мен шешім қабылдаушылары үдерістердің өзгерісі салдарынан қапыда қалмауы керек»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі іргелі ғылымға негізделген экономикадағы статистиканың маңыздылығына тоқталып: «Елдің даму жолын айқындайтын іргелі ғылымға негізделген экономика сауатты да бастамашыл адам күшіне сүйенеді. Сондықтан экономика мен техниканың әрбір саласында қанша дарынды, бастамашыл және ынталы жастардың барлығы анықталуы тиіс»,-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи қарсыласу экономикасындағы статистиканың рөлін шешуші деп атап: «Елдің қиындықтарын шынайы түрде шешудің жолы – қарсыласу экономикасы. Әлемнің барлық жолдары ашылса да, егер өзін-өзі қамтамасыз ететін экономика болмаса, ақырында бұл теңгерім жеңілген теңгерім болады»,-деді.

 

Тегтер