Қауіпсіздік және оған қажетті жағдайлар: Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша
(last modified Mon, 19 Sep 2016 10:21:52 GMT )
Қыр 19, 2016 16:21 Asia/Almaty
  • Қауіпсіздік және оған қажетті жағдайлар: Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жексенбі күні Ислам революциясының Сақшылар Корпусы қолбасшыларының отырысына қатысушылармен кездесуінде қауіпсіздікті өте маңызды және қоғамның рухани-материалдық дамуы үшін жағдай тудыратын мәселе деп атады.

Аятолла Хаменеи ішкі және сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді Сақшылар Корпусының маңызды міндеті деп атап: «Егер сыртқы қауіпсіздік болмаса және елдің шекарасының сыртында дұшпанға тосқауыл қойылмаса, ішкі қауіпсіздік қатерге тіреледі. Иран өз аймағында бөгде күштердің көптеген қоқан-лоққыларымен кезігуде. Исламдық Иран революциясының мақсаттарына сүйеніп, қоқан-лоққыларға қарсы тұрды. Бұл революцияның мақсаттарының бірі қауіпсіз және алпауыт елдердің үстемшілдігінен  алыс жолда алға ілгерілеу»,- деді.

Аймақтың қазіргі жағдайы қазіргі халықаралық жүйеде орын алып отырған оқиғалардың қауіпсіздік тұрғысынан алаңдаушылық тудыратынын көрсетеді. Әлемдік қарым-қатынастарда билікқұмарлық талаптар артуда. Басқа елдердің істеріне араласушы мемлекеттердің соғыс ашу, қатыгездікті арттыру әрекеттері әшкере және жасырын түрде байқалуда. Оларды үстемшілік деп қана сараптауға болады.

Ислам революциясы жетекшісінің аймақ елдеріне берген ақыл-кеңестері де осы маңызды мәселеге қатысты. Ол аймақтың кейбір елдеріне: «Егер қырағы болмасандар, АҚШ-тың билеп-төстеуші жүйесінің үдерісін түсінбей, олардың күлімсіреуіне алдансаңдар, 50 немесе тіпті 100 жылға артта қалуларың мүмкін. АҚШ-тың Иранмен аймақ, әсіресе Сирия, Ирак, Ливан және Йемен туралы келіссөздер жүргізуінің мақсаты – ИИР-ның аймақтағы белсенділігінің алдын алудан басқа еш нәрсе емес. Өйткені, Иран – АҚШ-тың аймақтағы сәтсіздіктерінің негізгі себепкері»,- деп  баса айтты. Осындай жағдайда қауіпсіздікті қорғау – басты мәселе. Қауіпсіздікті қорғау үшін мүмкіндіктерді арттырып, қоқан-лоққылармен жеткілікті таныс болу қажеттілік болып табылады. Бұрынғы тәжірибелерге сүйеніп, бұл танып-білу кеңейіп, ИИР-ның жұмсақ күшіне айналды. Осыған орай Ислам революциясының жетекшісі Сақшылар Корпусының қолбасшыларына дұшпанның құралдарының өзгеруі және алға ілгеруімен бірге ғылым мен технология саласындағы өз жетістіктеріне қанағаттанбай, алға ілгерілеуге кеңес берді. Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында Ислам республикасының жұмсақ күшінің маңызды мәселесі АҚШ басқарған билікқұмар елдерге сенім артпау деп қуаттап: «Бұл сенімсіздік күннен күнге кеңеюі қажет»,- деп баса айтты.

Иран Ислам революциясының жетекшісі   АҚШ-қа сенім артпауды тәжірибелердің нәтижесі деп атап: «АҚШ-тың дұшпандығы Иран Ислам революциясынан кейінгі жылдары, сонымен қатар ядролық мәселеге қатысты соңғы келіссөздер кезінде, сондай-ақ басқа мәселелерден байқалды. Сондықтан АҚШ-пен келіссөздер жүргізудің пайдасы жоқ, тек зияны бар»,- деді.

Дәл осы дәлелмен АҚШ-қа деген сенімсіздік қауіпсіздікті қорғау саласындағы Иранның жұмсақ күшіне айналды. Осы тұрғыдан қауіпсіздікті нығайтуына  әсер ететін фактор болмақ. Қазіргі жағдайда АҚШ-тың Иранмен келіссөздер өткізгісі келетіні кездейсоқ мәселе емес. Ислам революциясының жетекшісінің айтуынша, АҚШ-тың Иранмен аймақ, әсіресе Сирия, Ирак, Ливан және Йемен туралы келіссөздер жүргізуінің мақсаты ИИР-ның аймақтағы белсенділігінің алдын алудан басқа еш нәрсе емес. Өйткені, Иран – АҚШ-тың аймақтағы сәтсіздіктерінің негізгі себепкері. Бүгінде Иран халқының қысымдар, санкциялар мен қоқан-лоққыларға қарамастан алға ілгерілеуі күннен күнге анығырақ әрі батылырақ болып, Ислам революциясының жас, пәк көшеті алып күшке айналды.