Рухани Иранда жаңа оқу жылының басталуына орай өткізілген рәсімде сөз сөйледі
ИИР Президенті жаңа оқу жылының басталуын оқушылар, студенттер, мұғалімдер, ұстаздар, жанұялар мен елдің болашағы мен дамуын ойлайтын барлық адамдар үшін өте маңызды деп сипаттады.
ИИР Президенті Хасан Рухани сенбі күні жаңа оқу жылының басталуына орай өткізілген рәсімде оқушыларды Иранның болашағын жасаушылар деп атап: «Егер мектеп, қоғам мен жанұя бірлікте болса, Иранның болашағы ең жақсы тәсілмен құрылатын болады»,-деді.
Рухани әлем мен аймақтың ең үлкен қиындығын қатігездік деп атап: «Иранға көршілес Ирак, Сирия мен Йеменде мектептер қиратылып, сабақтар тоқтатылып, оқушылар қанға бөкті. Бүгін қатігездік пен қоқан-лоққыларды қоғамдық жерлерден, жастар мен жасөспірімдерден, аймақ пен әлем елдерінің болашағынан алшақтатудың жолын ойластыру керек»,-деп баса айтты.
Рухани жеткіншектерді мектепте оқудан айырып, оларды жұмысқа салуды және оларға діни-исламдық ақлақ аясынан тыс қатынас көрсетуді қатігездіктің бір түрі деп атап: «Иран биылғы жылы әлемде мұнай бағасының төмендегеніне қарамастан, өзінің қорларын қолданбастан қоғамның бірлігі мен біртұтастығы аясында дамуға қол жеткізді»,-деді.