Президент: Туризм өнеркәсібі - елдің даму жолдарының бірі
ИИР президенті Иранның дамуы жолдарының бірін туризм өнеркәсібі деп қуаттады.
ИИР президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Теһранда халықаралық туризм күнін атап өту рәсімінде туризмді Иранды даму, ілгерілеу және өсуге қарай жылжытушы факторлардың бірі деп атап: "Тең және жан- жақты дамудың негізі Иран халқы үшін маңызды мақсат ретінде басшылыққа алынған. Туризм өнеркәсібі түрлі қырларға ие болғандықтан дамуға қол жеткізу үшін жақын жолдардың бірі бола алады" деді.
Иранның Атқарушы билігінің төрағасы Иранның аймақ пен әлемде табиғи, климаттық, тарихи және мәдени тартымдылықтары тұрғысынан кемінде алдыңғы қатардағы10 елдің бірі немесе әлемдегі алдыңғы қатарлы 5 елдің бірі болып табылатынын баяндай келе: "Көне мәдени ескерткіштер осы ұлттың бірнеше мың жылдық ескі өркениетін көрсетеді. Иранның этникалық, мәдени, діни, тілдік және салт- дәстүр жағынан әртүрлілігі туристік маңызды тартымдылық бола алады" деді.