«Золфақар» зымырандары жылдың аяғына дейін эксплуатацияға беріледі
(last modified Tue, 27 Sep 2016 13:55:53 GMT )
Қыр 27, 2016 19:55 Asia/Almaty
  • «Золфақар» зымырандары жылдың аяғына дейін эксплуатацияға беріледі

Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе- ғарыш күшінің қолбасшысы «Золфақар» зымырандарының жылдың аяғына дейін корпус бөлімшелерінде эксплуатацияға берілетінін хабарлады.

700 шақырымға ұшатын, нүктені көздейтін тұңғыш зымыран «Золфақар» зымыранын өндіру жексенбі күні кешке Иран Қорғаныс министрі бригада генералы Хосейн Деһқанның қатысуымен ашылды. Жерден жерге атылатын «Золфақар» зымыраны бір кезеңдік. Біріккен қатты отынмен атылатын осы зымыран 700 шақырым қашықтықтағы нысанаға тиіп, оны жоя алады. Жылжымалы ұшу құрылғысы радарға түспеу, нүктені ұру қабілеті, жеңілдігі және тактикалық болуы «Золфақар» зымыранының келесі ерекшеліктерінің қатарын құрайды.