Иран президенті Қазвин облысының тұрғындары алдында баяндама жасады
ИИР президенті Иранның халықаралық айдындағы табыстары мен әлемдік алпауыттармен келіссөз жүргізуін халықтың бірлігі мен тұтастығының нәтижесі деп атады.
ИИР президенті Хасан Рухани үкімет делегациясының облыстық 31- ші сапары аясында Қазвин облысының тұрғындары алдында Иран халқының ұлылығы мен мәртебесінің бүкіл әлем үшін анықталғанын мәлімдеп: «Бүгінде аймақ пен әлемнің тұрақтылығындағы және лаңкестікпен шынайы күрестегі Иранның рөлін жоққа шығаруға болмайды» деді.
Рухани әлемдік алпауыттар мен олардың аймақтық жалдамалы күштерінің өзгелердің ісіне араласу және ядролық қару жасау деген сылтаумен жасап отырған қысымдары мен орынсыз айыптауларына тоқталып, аймақта Иранға үрке қарау саясатын таратудың мағынасының жоқ екендігін баса айтты.
Иран президенті ешбір күштің дамыған технологияны бірнеше елмен шектей алмайтындығын қуаттап: «Иран халқының ядролық келіссөздегі жеңісі тек Иранның құқығын ғана қорғаумен шектелген жоқ, Иран барлық дамушы елдердің құқығын қорғауды да мақсат етті» деп мәлімдеді.