Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері ИИР Қарулы күштерінің Қасиетті қорғаныс жылдарындағы ерліктерін мадақтап: «Қарулы күштер бұрынғыдай исламдық құндылықтар мен қоғамның қауіпсіздігін қорғау жолында қызмет етуде»,-деп қуаттады.
Аятолла Мұхаммад Имами Кашани Теһран жұма намазының осы аптадағы құтпаларында Ирандағы Қасиетті қорғаныс аптасын ұлықтап: «Бүгінде Иранда орнаған үлгі тұтарлық қауіпсіздік ИИР Қарулы күштерінің талпыныстарына қарыздар. Қарулы күштер Иранның аумақтық тұтастығы мен исламдық құндылықтарды қорғауда әлі де жақсы жұмыс жасап келеді»,-деді.
Аятолла Имами Кашани бүгінде ислам әлемінің лаңкестік-тәкфирлік топтарды қолдайтын кейбір батыс және араб елдерінің, соның ішінде Сауд Арабиясының қастандықтарына ұрынып отырғанын айтып: «Мұсылман халықтар мұндай қастандықтарға мойынұсынбауы керек, фиқһтық негіздер бойынша осыған қатысты шара ойластыруы тиіс»,-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері барлық ислам және араб елдеріне: «Сауд Арабиясы лаңкестік-тәкфирлік топтарды қолдап, сионистік режим мен АҚШ-тың Таяу Шығыстағы заңсыз мақсаттары мен талаптарын орындауға талпыныс жасауда»,-деп ескертті.