Зариф: Иран – лаңкестікпен күрестің өзегі
ИИР Сыртқы істер министрі Иранды аймақтағы лаңкестікпен күрестегі негізгі әрі маңызды ел деп атады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні кешке Теһранда сөйлеген сөзінде: «Иран – аймақтағы лаңкестікпен күрестегі негізгі әрі маңызды ел. Иран – 37 жыл бойғы қысымдарға табандылық танытқан бейбіт ел. Иран – ДАИШ лаңкестік тобы мен терроризмге қарсы тұрып келе жатқан ел, сондықтан барлық елдер үшін Иранмен қарым-қатынаста болу мақтаныш болуы керек. Ешкім Иранға шарт қоя алмайды. Иран – аймақтағы тәуелсіз ел»,-деп қуаттады.
Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты уәде бұзушылықтарына тоқталып: «АҚШ-тың уәде бұзушылықтарын азайту үшін қысым жасау қажет. Сонда Иран халқының құқықтары толығымен орындалады»,-деді.
ИИР Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, сөзінің келесі бір бөлігінде Канадамен қарым-қатынас деңгейін жоғарылату туралы сауалға жауап беріп: «Канада Сыртқы істер министрімен жақсы сұхбаттастым. ИИР-ның көбірек келіссөздер жүргізуді қажет ететін талап-тілектері бар»,-деді.