Иранда ертеңгі сайлауды өткізуге толығымен дайын
https://itolqyn.com/news/iran-i1546
Иранның Ішкі істер министрі атқарушы қызметкерлердің Ислам кеңесі мәжілісі мен Эксперттер мәжілісіне сайлаулар өткізуге толығымен дайын екендігін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 25, 2016 22:09 Asia/Almaty
  • Иранда ертеңгі сайлауды өткізуге толығымен дайын

Иранның Ішкі істер министрі атқарушы қызметкерлердің Ислам кеңесі мәжілісі мен Эксперттер мәжілісіне сайлаулар өткізуге толығымен дайын екендігін хабарлады.

Иранның Ішкі істер министрі Абдолреза Рахмани Фазли сәрсенбі күні кешке Иран теледидарының екінші арнасының «Арнайы хабар» атты бағдарламасына берген сұхбатта сайлаудың Иранның өркендеуі үшін ұлттық айбыны мен талап-жігерін қайтадан дәлелдеудің маңызды кезеңі екенін қуаттап: «Жұма күні Иран халқының дауыс беруі үшін 52 мың сайлау учаскесі, 120 мың дауыс беру жәшігі мен бір миллион қызметкер дайын» деді.

Иранның Ішкі істер министрі сондай-ақ Ұлыбританияның сайлауға араласуы негізіндегі астыртын әрекет туралы: «Кейбір ақпарат құралдарында Иранда екі полюс құрылуы керек: бір топ Ұлыбританияға жақтас, ал екінші топ оған қарсылас болуы керек деген мәселе талқыланды, бірақ Иранның ішінде ешкім Ұлыбританияға жақтас емес» деді.

Шамамен 55 миллион ирандық Ислам кеңесі мәжілісі мен Эксперттер мәжілісінің сайлауларына қатысу шарттарына ие. Жұма күнгі Ислам кеңесі мәжілісінің сайлауы үшін 207 негізгі сайлау округі мен 900 жанама округ, дәл сол күні өтетін Эксперттер мәжілісінің сайлауы үшін 31 негізгі сайлау округі мен 1035 жанама округ дайындалған.