Зариф: Әлем елдері Иранмен ынтымақтастық жасауды мақтаныш етеді
Иран Сыртқы істер министрі әлем елдерінің Иран ислам республикасының үкіметімен ынтымақтастық жасауды мақтаныш ететіндіктерін мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф ислам кеңесі мәжілісінің жексенбі күнгі ашық отырысында дипломатиялық аппараттың Иран экономикасының ілгерілеуіне жәрдемдесетіндігін қуаттап, осы министрліктің Иранның ілгерілеуі мен экономикалық дамуының алдындағы құқықтық кедергілерді жойғанын айтты.
Иранның дипломатиялық аппаратының төрағасы Иран ислам республикасымен ынтымақтастық жасаудың халықаралық кеңістігінің 11- ші үкіметке дейін шығынды болғанын баяндап: "Бүгінде Иранның сыртқы саясаты бір жағынан ілгерілеу мен қарсыласу экономикасы мен отандық мердігерлер мен отандық экономика аппараттарының елге қажет инвестиция мен технологияны импорттауына, сонымен қатар техникалық-инженерлік қызметті экспорттауына көмектесті. Осы негізде мүмкіндігінше жақсы ілгерілеушіліктерге қол жеткізілді" деді.