Халықтың сайлауға қатысуы Иранның дұшпандарының астыртын әрекеттерін залалсыздандырады
(last modified Thu, 25 Feb 2016 16:35:47 GMT )
Ақп 25, 2016 22:35 Asia/Almaty
  • Халықтың сайлауға қатысуы Иранның дұшпандарының астыртын әрекеттерін залалсыздандырады

Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі халықтың сайлауға қатысуы дұшпандардың астыртын әрекеттерін залалсыздандырады деді.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Теһранда «Ғылыми біліктілікке қол жеткізудің тәсілдері» атты форумда: «Батыстың Иранға қарсы біржақты санкцияларының мақсаты тек экономикалық болған жоқ. Дұшпандар халықты биліктен ажыратуды көздеді, алайда халық өткен сайлауларға қатысуымен дұшпандарға санкция салу арқылы өздерінің саяси мақсаттарына қол жеткізе алмайтындықтарын көрсетті» деді.

Зариф Иранға қарсы санкция салудың пайдасыз екендігін қуаттап: «Иранның мақтанышы адами байлығы мен ғылым саласындағы жетістіктері болып табылады. Бұл байлықтар еш байлықпен салыстыруға келмейді. Иран Ислам Республикасы санкцияларға қарамастан ғылымның биік шыңдарына қол жеткізе алғанын мақтан тұтады.

Иранға үрке қарау және Иранмен жауласу мәселесі аймақта біршама шешілді. Енді шынайы атсалысу және сындарлы әріптестік арқылы Иранға қайтадан санкция салу мүмкін емес болатын кеңістікті қалыптастыру керек» деді.