Жақында Иран мен Үндістанның ортақ жаттығуы өтеді
(last modified Thu, 25 Feb 2016 16:45:29 GMT )
Ақп 25, 2016 22:45 Asia/Almaty
  • Жақында Иран мен Үндістанның ортақ жаттығуы өтеді

Иран Ислам Республикасы армиясы теңіз күшінің қолбасшысы биылғы мамыр айында Иран мен Үндістанның тактикалық және жәрдем беру мен құтқару амалдары бойынша ортақ жаттығуының өтетінін хабарлады.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран армиясы теңіз күшінің қолбасшысы адмирал Хабиболла Саяри бейсенбі күні Үндістан армиясы теңіз күші делегациясының кездесуі аясында биылғы мамыр айында Үндістан флотилиясының Иранның оңтүстігінде орналасқан Бандар Аббасқа келетінін мәлімдеп: «Үндістан әскери делегациясымен кездесуде білім және техникалық ынтымақтастықтар мен Үнді мұхитының қауіпсізідігі туралы сұхбаттасулар болды. Тараптар осы ынтымақтастыққа мүдделік танытып отыр» деді.

Иран армиясы теңіз күшінің қолбасшысы Үнді мұхитының Иран, Үндістан және әлем үшін маңыздылығына сілтеме жасап: «Иран сауда- саттығының басым бөлігі әлемдегі осы стратегиялық аймақ арқылы атқарылады. Иран Ислам Республикасы әлемнің осы аймағында ешқандай мазасыздықтың орын алуына жол бермейді» деді.

Адмирал Саяри сондай- ақ Иран Ислам Республикасы армиясы теңіз күшінің 38-ші флотилиясының Танзания жағалауларындағы құзырын хабарлап, оның жұма немесе сенбі күні Танзанияның Дар-эс-Салам айлағын жағалауы ықтимал екендігін айтты.