Қоғамдық тәртіп күшінің басшылары ислам революциясының мәртебелі жетекшісімен кездесті
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі қауіпсіздікті исламдық Иранның өсуі мен ілгерілеуінің негізгі тірегі деп атады.
Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің ақпарат тарату торабының хабарлауынша, ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Иран ислам республикасының қоғамдық тәртіп күшінің қолбасшылары мен басшыларын қабылдауында қауіпсіздікті жеке бастың психикалық тыныштығы мен әлеуметтік тыныштық деп атап: «Қауіпсіздік болмайынша, тіпті қоғамдағы адамдар әлеует пен мен түрткіге ие болғанымен экономикалық, мәдени, саяси және қызметтік әртүрлі белсенділік үшін мүмкіндік жойылады» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи қоғамдық тәртіп күшінің қауіпсіздік орнатудағы маңызды рөлін қуаттап: «Қоғамдық тәртіп күшінің әлеуеті мен дайындықтары және оның қызметкерлерінің талаптылығы мен иманы күннен күнге жоғарылауы керек» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі қауіпсіздікті мүміндердің иманының артуының бір факторы деп атап: «Иран қауіпсіздігінің маңызды тіректерінің бірі қоғамдық тәртіп күші болып табылады. Қауіпсіздіктің осы ірі тірегін білікті, шарапатты және еңбекқор адами күштер құрап отыр. Осы күштердің талаптылығы, иманы, түрткісі мен рух- жігері әрдайым күшейтілуі керек» деді.
Иран қарулы күштерінің бас қолбасшысы сондай- ақ түрлі салалардағы жедел өзгерістерге, соның ішінде ғылым мен технологияның ілгерілеушіліктеріне сілтеме жасап, дайындықты арттырып, әлеуеттерді заманауиландыруды, міндеттерді танып, толық орындауды және Иранның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оны жоғарылату бағытында ақпарат құралдары арқылы қызметтерді халық үшін нақты баяндауды сұрады.