Иран Ислам революциясының жетекшісі Иран халқының сайлауға жаппай қатысатынын қуаттады
Иран Ислам революциясының жетекшісі Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Эксперттер кеңесінің сайлаулары басталған алғашқы минуттарда дауыс берді.
Аятолла Хаменеи бүгін, жұма күні таңертең имам Хомейни атындағы діни мекенде Ислам Кеңесі Мәжілісінің 10-шы шақырылымы мен Эксперттер кеңесінің 5-ші шақырылымының сайлауларына дауыс берген соң сайлауға қатысуды әр ирандық азаматтың құқығы әрі міндеті деп атап: «Сайлау дұшпанды үмітсіз қалдырып, Иранға көз тігуден бас тартатындай өтуі керек»,- деп баса айтты.
Ислам революциясының жетекшісі осы кездегі сайлаулардың маңыздылығына тоқталып: «Иранды, исламдық ғиззат пен ұлттық ұлылықты жақсы көретін әр адам сайлауға қатысуға міндетті. Исламдық тағылымдар мен исламдық бұйрықтарда жақсы жұмыстарға асыға қатысу насихатталған. Сондықтан халық сайлау учаскелеріне асыға келгендері жөн. Иран халқы бұл сайлауларға да бұрынғы сайлаулардағыдай жаппай қатысады»,- деген үміт білдірді.
Діни жетекшінің Эксперттер кеңесінің 5-ші шақырылымының сайлауы Ислам Кеңесі Мәжілісінің 10-шы шақырылымының сайлауымен тұспа-тұс бүгін, жұма таңғы сағат 8-ден 1063 сайлау учаскелері мен Иранның түкпір-түкпіріндегі 52000-нан астам сайлау бөлімшелерінде басталды.
Бұл сайлауға 54 миллион 915 мың 24 адам қатысып, кешкі саған 18:00-ге дейін дауыс бере алады.