Жұма – Иранда сайлау өтетін күн
https://itolqyn.com/news/iran-i1576
Бүгін, жұма ақпанның жиырма алтысы - Иранда маңызды сайлаулар өтетін күн. Бұл сайлаулар Ислам Кеңесі Мәжілісінің 10-шы шақырылымының 290 депутаты мен діни жетекшінің Эксперттер Мәжілісінің 5-ші шақырылымының 88 өкілін сайлау мақсатында өтуде. Бұл екі Мәжіліс Иранның Ислам республикасы жүйесінде маңызды орынға ие.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 26, 2016 19:13 Asia/Almaty
  • Жұма – Иранда сайлау өтетін күн

Бүгін, жұма ақпанның жиырма алтысы - Иранда маңызды сайлаулар өтетін күн. Бұл сайлаулар Ислам Кеңесі Мәжілісінің 10-шы шақырылымының 290 депутаты мен діни жетекшінің Эксперттер Мәжілісінің 5-ші шақырылымының 88 өкілін сайлау мақсатында өтуде. Бұл екі Мәжіліс Иранның Ислам республикасы жүйесінде маңызды орынға ие.

Ислам Кеңесінің Мәжілісі – негізгі заң шығарушы орган, Эксперттер Мәжілісі – діни жетекшіні сайлайтын ең маңызды міндетке ие орган. Ислам республикасы жүйесінде сайлау әрқашан ұлттық күш-қуаттың көрінісі болды. Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, сайлау халықтың өмірі мен хабардарлығын және олардың Ислам республикасы жүйесін қолдайтынын көрсетеді».

Иранның әртүрлі аймақтарындағы халық ұлты, тілі және мәдениетінің ерекшелігіне қарамастан бүгін бірігіп, тілеулестік білдіріп, дұшпандарға Ислам республикасының ғиззатын көрсету үшін дауыс беретін мекендерге барады. Халықтың сайлауларға бірауыздан қатысуы әрқашан Иранның Ислам республикасы жүйесінің өміршеңдігін анықтады. Бүгінгі сайлауларға үлкен үміт артылып отыр. Осы сайлаулар арқылы жүйенің халықтың қолдауына ие екендігі расталады.

Иранның Ішкі істер министрі Рахмани Фазли сайлау туралы мәліметтерді тапсырып: «Иран халқының 55 миллионы сайлауға қатысуға қажетті барлық шарттарға ие. Ислам Кеңесі Мәжілісінің сайлауына 4979 үміткер және Эксперттер Мәжілісінің сайлауына 159 үміткер қатысуда. Ислам Кеңесі Мәжілісінің сайлауында бір орынға 17 адам бақталасады. Әйелдер бұл сайлауға 1700 үміткерін ұсынды, яғни олардың саны бүкіл үміткерлердің 10 пайызын құрайды.

ИИР-ның дұшпандары халқты сайлауға барғызбау үшін көптеген қастандық ойластырып, әртүрлі жолдарды өз мүдделері үшін пайдаланбақ болды. Сайлауды екі полюстік етіп көрсету, халықтың арасына жік салып, еркін сайлау негіздеріне нұқсан келтіру кейбір саяси және ақпарат топтардың мақсаттарына кірді.

Бұл жолғы сайлау – ядролық келісім және әділетсіз санкциялардың күші жойылғаннан кейінгі бірінші сайлау. Осыған орай ақпарат құралдарында бұл сайлаулар туралы көптеген сұрақтар мен сараптамалар баяндалуда.

Telegram, Facebook, Twitter - Иранда өтетін сайлауға қатысты хабарлар мен сараптамалар тарататын ең маңызды арналар. Бұл арналар үміткерлерді жарамсыз жариялау мәселесін пайдаланып, Сақшылар кеңесінің жұмысын бір жақты етіп көрсетуге тырысты. Мұндай әрекет олардың халықтың жаппай дауыс беруіне деген ашу-ызаларын көрсетеді. Иран халқының бұрмаланған ағымдарға берген жауабы әрқашан олардың талаптарына қайшы болды. Иран халқы бүгін де бұрынғы сайлаулардағыдай дауыс беретін орындарға барып, бүгінгі екі сайлауды саяси ерлікке айналдырады.