Рухани Швейцарияның Президентін ресми түрде қарсы алды
ИИР Президенті Швейцарияның Президенті Йоханн Шнайдер-Амманнды Теһранның «Саадабад» кешенінде ресми түрде қарсы алды.
Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының хабарлауынша, ИИР Президенті Хасан Рухани мен Швейцарияның Президенті Йоханн Шнайдер-Амманн бүгін, сенбі күні қарсы алу рәсімінен кейін екіжақты келіссөздерді бастады.
Швейцарияның Президенті Йоханн Шнайдер-Амманн жұма күні түнде жоғары дәрежелі делегацияны бастап, ирандық қайраткерлермен екіжақты қарым-қатынас және маңызды аймақтық, сондай-ақ әлемдік мәселелер туралы кеңесу мақсатында Теһранға келді.
Сапардың мақсаты Теһран мен Берннің саяси-экономикалық және басқа да салаларындағы қарым-қатынасын кеңейту деп жарияланды.
Швейцария Президентінің Иранға сапары барысында екі елдің арасында саясат, экономика, құқық, мәдениет және банк айналымын жеңілдету салаларында бірнеше келісімге қол қойылады деп жоспарлануда.