Қарсыласу экономикасы - мұнай бағасы төмендеуі дағдарысын басқаруда Иранның сәттілікке жетудегі құпиясы
(last modified Tue, 11 Oct 2016 05:02:18 GMT )
Қаз 11, 2016 11:02 Asia/Almaty
  • Қарсыласу экономикасы - мұнай бағасы төмендеуі дағдарысын басқаруда Иранның сәттілікке жетудегі құпиясы

Иранның Экономика және қаржы министрі Иран ислам республикасының мұнай бағасы төмендеуі дағдарысын басқарудағы сәттілікке жетудегі сырын қарсыласу экономикасы саясатын орындау деп атады.

Экономика министрі Әли Тайыпния Вашингтонда әлемдік банктің жылдық саммиті аясында мұнайға қатысты Парсы Шығанағы  өңіріндегі елдердің экономикалық саясаты отырысында: «Иран әділетсіз санкциялармен бір мезгілде мұнай бағасының төмендеуін бастан өткерді, яғни Иранның мұнай экспорты күніне бір млн. баррелге төмендеген кезде.  

Иран санкциялар мен мұнай бағасының төмендеуіне мұнай бюджетіне тәуелділікті азайту үшін мұрсат ретінде қарады.  Ислам республикасының үкіметі қиын жағдайда тұрақтылық пен тыныштықты Иранның экономикасына қайтарып,  экономиканың кері өсуін тоқтатып, экономиканың дамуына жағдай жасады» деді.