Рухани: Сайлау – саяси тәуелсіздік пен ұлттық егемендіктің нышаны
https://itolqyn.com/news/iran-i1597
ИИР Президенті сайлауды саяси тәуелсіздік пен ұлттық егемендіктің нышаны деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 27, 2016 15:36 Asia/Almaty
  • Рухани:  Сайлау – саяси тәуелсіздік пен ұлттық егемендіктің нышаны

ИИР Президенті сайлауды саяси тәуелсіздік пен ұлттық егемендіктің нышаны деп атады.

ИИР Президенті Хасан Рухани кеше, жұма күні Ислам Кеңесі Мәжілісінің оныншы шақырылымы мен Эксперттер кеңесінің бесінші шақырылымына сайлауларға қатысқаннан кейін тілшілерге берген сұхбатында: «Үкімет халықтың дауысын үлкен аманат деп санайды. Сол себепті осы аманатты қорғау үшін барлық күш-қуатын пайдаланады. Егер Ислам революциясына дейін біздің елді басқаруға бөгде қолдар шешім қабылдаған болса, қазір Иран халқы сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беру арқылы өз елі үшін шешім қабылдайды»,-деп баса айтты.

Иран Сот органының төрағасы аятолла Садеқ Амоли Лариджани Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Эксперттер кеңесіне сайлауларға қатысқаннан кейін сөйлеген сөзінде: «Бүгінгі сайлау Батыс елдеріне ашық жолдау жолдайды: біздің халқымыз жүйе мен жетекшіні бір кісідей қорғайды»,-деді.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы Хашеми Рафсанджани халықтың сайлауларға кең түрде қатысуын Иранның әлем және аймақ бойынша беделін жоғарылатады деп санайды.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сайлаудың алғашқы сағаттарында дауыс беріп: «Депутаттар білікті болған сайын Иранның жағдайы мен келешегіне қатысты дұрыс шешім қабылдай алады»,-деді.