Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 27 Feb 2016 09:52:27 GMT )
Ақп 27, 2016 15:52 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері Иран халқының Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Эксперттер кеңесіне сайлауларға кең түрде қатысуы Иран халқының өміршеңдігі, түсінігі мен хабардарлығын білдіреді деп санайды.

Теһран жұма намазының құтпагері Казем Седдиқи Иранның сайлау кеңістігінде қауіпсіздік пен тыныштықтың толық сақталғанына ризалық білдіріп: «Иран халқы Ислам революциясын қорғау үшін бұрынғыдай ынта-ықыласпен саяси сахнаға шықты. Олардың белсенділігінің көрінісі – бүгінгі сайлауға жаппай қатысуы»,-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері дұшпандардың әсіресе ядролық келісімнен кейін Иранға ықпал етіп, оны басқаруға талпыныс жасап жатқандарына тоқталып: «Жүйенің республикалық сипатын сақтау халықтың сайлауға қатысып, Иранның тағдырын анықтауына, ал жүйенің исламдық сипатын сақтау велаят-е факиһке байланысты»,-деді.

Седдиқи дұшпанның ықпал ету түрлерін түсіндіріп: «Ықпал дұшпан тарапынан тікелей тыңшы жалдау түрінде, бөгде елдер тарапынан студенттік кезде жауапты тұлғаларды дайындау түрінде немесе халықты өзгерту арқылы жүзеге асырылады. Жүйе мен революцияның дұшпандары халықтың осы күнге дейін ешбір алпауыт елдің билігін қабылдамағанын және ешбір дұшпанмен ымыраға келмегенін білсін»,-деді.