Иран Армениямен қарым- қатынасты кеңейтуге дайын
https://itolqyn.com/news/iran-i1621-Иран_Армениямен_қарым_қатынасты_кеңейтуге_дайын
Иранның Сауданы дамыту ұйымының төрағасы Иранның Армениямен байланыстарды кеңейтуге дайын екендігін хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 27, 2016 19:22 Asia/Almaty
  • Иран Армениямен қарым- қатынасты кеңейтуге дайын

Иранның Сауданы дамыту ұйымының төрағасы Иранның Армениямен байланыстарды кеңейтуге дайын екендігін хабарлады.

Иранның Сауданы дамыту ұйымының төрағасы Уәлиолла Афхамирад бүгін, сенбі күні Теһранда Армения елшісі Арташес Туманиянмен кездесуінде: «Иранның «Оңтүстік-солтүстік» жолының іске қосылуымен және оның Арменияға, содан соң Жерорта теңізіне қосылуымен Жібек жолы маршруттарының бірі жанданады.

Бұдан бұрын Иран мен Армения арасында бірнеше келісімшарттарға қол қойылған болатын. Енді соларды күшіне енгізу керек» деді.

Теһрандағы Армения елшісі де осы кездесуде екі елдің сауда байланыстарын кеңейтуді қуаттап, елінің Иранда өтетін көрмелерге қатысуды және Теһранда арнайы көрме өткізуді қалайтындығын мәлімдеді.