Иран мен Ресейдің үздік университеттерінің ректорлары бас қосты
Иран мен Ресейдің үздік университеттері ректорларының екінші басқосуы Теһран университетінің ұйымдастырумен өткізілуде.
Иранның Ғылым, зерттеулер және технология министрінің халықаралық істер жөніндегі орынбасары Хосейн Салар Амолидің қатысуымен басталған Иран мен Ресейдің үздік университеттері ректорларының екінші басқосуында университеттер арасында әртүрлі гуманитарлық, техникалық-инженерлік және медициналық ғылымдар салаларында ғылыми әріптестікті кеңейту жолдары талқыланады.
Иран мен Ресейдің үздік университеттері ректорларының алғашқы басқосуы өткен жылы күзде Мәскеу қаласында өткен болатын. Содан кейінгі өткен бір жыл ішінде тараптар арасындағы ғылыми әріптестіктер кеңейе түсті.
Теһрандағы басқосудың соңында осы шараға қатысқан университеттердің бірқатар басшылары арасында ғылыми меморандумдарға қол қойылады деп жоспарлануда.