Иран Адам құқығы жағдайына қатысты арнайы баяндамашының жаңа есебіне реакция білдірді
(last modified Sun, 23 Oct 2016 08:27:29 GMT )
Қаз 23, 2016 14:27 Asia/Almaty
  • Иран Адам құқығы жағдайына қатысты арнайы баяндамашының жаңа есебіне реакция білдірді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Ирандағы адам құқығының жағдайына қатысты арнайы баяндамашының жаңа есебі саяси көзқарастарға және кейбір елдердің саяси мақсаттарын орындауға негізделген»,-деді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми сенбі күні Ирандағы адам құқығының жағдайына қатысты арнайы баяндамашы Ахмад Шахидтің БҰҰ Бас ассамблеясының 71-ші отырысында берген жаңа есебіне реакция білдіріп: «Әлемдік қауымдастық кейбір елдер мен олар қолдайтын лаңкестік топтар тарапынан әсіресе Йемен мен Сирияда ашық түрде адам құқығы бұзылып жатқанына көзжұмбайлық жасалып жатқанына куә болып отырған шақта бұл есеп саяси әрі таңдамалы тәсілді пайдаланғаны себепті әлемдік деңгейде адам құқығын жоғарылатуды әлсіретуден басқа нәтиже бермейді»,-деп сөзін жалғады.

Ғасеми: «ИИР шариғат, заң және халықаралық міндеттемелер негізінде өзінің азаматтарының құқығын сақтауға берік болып келетін өзі сияқты елге адам құқығы саласында арнайы баяндамашы тағайындауды бұзушы-бүлдіруші сипаттағы мән-мағынасыз әрі дәлелсіз іс деп санайды»,-деді.