Зариф Каспий теңізінің құқықтық режимі туралы конвенцияны дайындау отырысында сөз сөйледі
(last modified Sun, 23 Oct 2016 11:13:10 GMT )
Қаз 23, 2016 17:13 Asia/Almaty
  • Зариф Каспий теңізінің құқықтық режимі туралы конвенцияны дайындау отырысында сөз сөйледі

Иран Сыртқы Істер Министрі Каспий теңізінің құқықтық режимі туралы конвенцияны әзірлеу барысында назар аударылуы керек мәселелер ретінде өзара сенім мен бірауыздылықты, ұжымдық мүдделерге көңіл аудару мен ортақ түсіністікті, интеграция мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезімін атады.

Иран СІМ-нің ақпараттық дипломатия орталығының мәліметі бойынша, Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф бүгін, жексенбі күні Теһранда Каспий теңізінің құқықтық режимі туралы конвенцияны әзірлейтін арнайы жұмыс тобының 47-ші отырысында Каспий теңізі жағалауындағы елдердің басшыларының ерік-жігері және ізгі ниеттерімен Каспий теңізінің құқықтық режимі туралы конвенцияны әзірлеу ісінің жылдамдатылуына үміт білдіріп: «Каспий теңізінің құқықтық режимі туралы конвенцияны дайындауда бейбітшілік пен тұрақтылық, тұрақты даму мен  теңіздік аймақтарды әділетті түрде белгілеу кез келген талпыныс осыларға негізделуі тиіс элементтер болып табылады» деді. Зариф қоршаған орта мен теңіздің тірі ресурсын қорғаудың маңыздылығына тоқталып: «Каспий теңізі жағалауы елдерінің келісімгер топтары мен қайраткерлері бұл тақырыпты шынайы және мұқият түрде қарастырып, тиімді де әсерлі жолдарды табуы керек» деді. Иран СІМ Каспий теңізі жағалауындағы елдер арқылы Иран жері мен Оман теңізі және Парсы Шығанағынан қуат тасымалдау үшін ИИР-ның көбірек жеңілдіктер ұсынуға әзірлігін мәлімдеді.