Қаз 24, 2016 14:13 Asia/Almaty
  • Рухани Иран мен басқа елдердің банктік қатынасын қалыпты жағдайға келтіру қажеттігін қуаттады

ИИР Президенті Иран мен басқа елдердің банктік қатынасын қалыпты жағдайға келтіруді үкіметтің маңызды бағдарларының бірі деп жариялады.

Президент аппараты ақпарат сайтының хабарлауы бойынша, ИИР Президенті Хасан Рухани  жексенбі күні түстен кейін Аракта «Орталық облысын дамыту және оған инвестиция тарту» атты отырыста  Иранның, әсіресе «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейінгі дамуына тоқталып: «Үкіметтің ең маңызды мақсаттарының бірі – экономикалық белсенділіктерге толық жағдай жасалуы үшін Иранның әлем елдерімен банктік қатынасын қалыпты жағдайға келтіру»,-деді.

ИИР Президенті елдегі мұнай өндіру деңгейінің санкцияларға дейінгі межеге (күніне 4 млн 200 мың баррельге) жеткеніне ризалық білдіріп: «Халықаралық қаржы қорының есебі бойынша, Иран мұнай бағасының ауыр жағдайында мұнай өндіруші елдер арасында ең жақсы экономикалық көрсеткішке ие болды»,-деп сөзін жалғады.

ИИР Президенті, сондай-ақ, өзінің Орталық облысына сапарының жалғасында Таяу Шығыстағы ең үлкен рельстік көліктер жасаушы ретіндегі Арактың «Вагон Парс» зауытын аралап, алдағы бірнеше жылда Иран темір жолының Кавказ, Орта Азия, Қытай, Ресей мен Шығыс Еуропаның темір жол желілеріне қосылуы арқылы әлемдік темір жолмен байланысатын болатынын айтып: «Темір жол жолаушы және жүк тасымалында негізгі рөл атқаруы тиіс. Сондықтан «Вагон Парс» компаниясы болашақта қарқындап дамитын болады»,-деп сөзін жалғады.  

Тегтер