Иран Президентінің Хомейн халқының алдында жасаған баяндамасы
ИИР Президенті: "Иран халқы көптеген жылдар бойы тапынып қол жеткізген тәуелсіздігінен ешуақытта айырылмайды" деді.
ИИР Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні өзінің облыстық сапарының жалғасында Орталық облыста Хомейн қаласының тұрғындарының алдында: "Имам Хомейни Иран халқына шынайы Исламды, діни демократия мен үстемшілдердің алдында жеңіске жету жолын үйретті. Әлемдік алты апауытпен ядролық келіссөздерде Иранның құқығына қол жеткізуі Имам Хомейнидің тағылымдары мен Ислам Революциясы жетекшісінің нұсқауларының жемісі" деді.
Рухани Иран халқының бірлігі Ислам Революциясы жетекшісі нұсқауларының нәтижесі екенін айтып: "Қазіргі қауіпсіздік те Иранның жер-жеріндегі Ислам Республикасының қауіпсіздік және тәртіп сақтау күштерінің талпынысымен орнықты" деді.
Рухани Иран банктерінің әлемнің банктік жүйелерімен байланыстарының қайта жанданғанына тоқталып: "Иран бүгін осыдан бұрын санкцияға ұшыраған өзінің көлік және мұнай-химия өнеркәсібі өнімдерін еш қиындықсыз басқа елдерге экспорттай алады" деді.