Рухани: Алпауыт елдер лаңкестік мәселесін саяси ойындарында пайдалануда
(last modified Tue, 25 Oct 2016 09:58:42 GMT )
Қаз 25, 2016 15:58 Asia/Almaty
  • Рухани: Алпауыт елдер лаңкестік мәселесін саяси ойындарында пайдалануда

Иран Президенті кейбір алпауыт елдердің лаңкестікпен күрес мәселесін пайдаланып, саяси ойындарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

ИИР Президенті Хасан Рухани кеше, дүйсенбі күні Орталық облысқа жасаған сапарының соңында журналистермен өткізген ақпарат отырысында аймақтағы өзгерістер туралы айтқан сөзінде: «Таяу Шығыс аймағындағы лаңкестік дағдарысының жалғасуына Батыс елдерінің бұл мәселені шешуге құлықсыздықтары себеп болуда. Негізінде бұл мәселе олардың өздерін де шырмап отыр. Кейбір алпауыт мемлекеттер лаңкестік топтарды өздерінің заңсыз мақсаттары үшін пайдаланып, осы уақытқа дейін оларға қарсы сындарлы шара қолданбай отыр»,- деп баса айтты.

Рухани аймақтағы лаңкестікке қатысты Иранның ұстанымын айқын деп атап: «Иран бөгде елдердің алдымен келісімге келмей, басқа елдің ісіне араласуын өте қатерлі деп санайды. Ирак пен Сирия үкіметтері өз жерлерінде лаңкестікпен күресу үшін басқа елдерден көмек сұрауы керек»,- деді.