Ислам революциясының жетекшісі Босния және Герцеговина президенттік кеңесінің төрағасын қабылдады
(last modified Wed, 26 Oct 2016 07:54:52 GMT )
Қаз 26, 2016 13:54 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Босния және Герцеговина президенттік кеңесінің төрағасын қабылдады

Иран Ислам революциясының жетекшісі тәуелсіз мемлекеттердің қарым-қатынастарын нығайтып, үстемшіл үкіметтердің саясаттарының ықпалына түспей, қайшылықтар мен қақтығыстардың өртін сөндіруі керектігін қуаттады.

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сейсенбі күні Босния және Герцеговина президенттік кеңесінің төрағасы Бакир Изетбеговичпен кездесуінде кейбір Батыс үкіметтерінің соғысқұмар және лаңкес тәрбиелеу саясаттарына қарсы тұру қажеттігін қуаттады.

Аятолла Хаменеи қазір Еуропаға да жеткен тәкфіршілік пен лаңкестіктің толқынына тоқталып, келешекте жағдайдың одан сайын нашарлау ықтималы туралы ескертіп: «Бұл құбылыс сырт көзге араб аймағында туындағандай көрінгенімен, шын мәнінде бұл құбылыстың пайда болуының негізгі себепкерлері – АҚШ пен кейбір еуропалық үкіметтер»,- деп баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі Батыс үкіметтерінің лаңкестікке қарсы әскери коалициясын шынайы емес деп атап: «Мүмкін, бұл коалиция лаңкестерге қарсы соғысқа да шығар, бірақ олар Ирак пен Сириядағы лаңкестіктің тамырын жоюды мақсат етіп отырған жоқ. Олардың жаман әрі қайшылық тудыратын саясаттары күннен күнге адамзаттың қиындықтарын арттыруда»,- деп қуаттады. Ол бұл жағдайдың шешім жолын қиындықтардың себептерін анықтап, оларды шешуге деген шынайы ерік-жігердің болуы деп атап, лаңкестіктің себептерінің біріне сілтеме жасап: «Еуропаның кейбір бай әрі мықты мемлекеттеріндегі мұсылман жастарды кемсіту олардың ДАИШ сынды лаңкестік топтарға қосылуына негіз дайындайды. Бұл жастар кейін Еуропаға оралған кезде жарылыс жасап, адам өлтіруге дейін барады»,- деді.

Босния және Герцеговина президенттік кеңесінің төрағасы Теһран сапарына ризалығын білдіріп, Иран басшыларымен өткізген келіссөздерін сындарлы деп бағалап, екі ел арасындағы достық қарым-қатынастардың екі ел үшін де пайдалы экономикалық ынтымақтастықтарға айналуына үміт білдірді.

 

 

Тегтер