Қаз 27, 2016 21:45 Asia/Almaty
  • Арақчи: Сионистер - әлемдегі ең үлкен лаңкестер

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары сионистерді әлемдегі ең үлкен лаңкестер деп атады.

Иран СІМ-нің халықаралық істер бойынша орынбасары сейіт Аббас Арақчи «Терроризм және Таяу Шығыстағы ғаламтор кеңістігі» атты кітаптың тұсаукесер рәсімінде сөз сөйлеп: «Сионистер әлемдегі қазіргі ең үлкен лаңкестер болып табылады. Олар жылдар бойы Палестинаның қорғансыз халқына қарсы қылмыстар жасап, Палестинаның қорғансыз халқына үсті- үстіне шабуыл жасап келеді.

Лаңкестік тақырыбының маңыздылығын ешкім Иран халқынан артық ұға алмайды, өйткені Иран лаңкестіктің ең үлкен құрбандарының бірі болды» деді.

Арақчи сондай- ақ Сауд Арабиясының Йеменде жасап отырған апаттары мен осы елдің бейкүнә халқын қырып жоюын лаңкестік әрекет деп атап: «Жаңа лаңкестікті алдымен «әл-Каида» қалыптастырды. Қазір жаңа лаңкестік құбылысын ДАИШ қалыптастырып отыр, өйткені ДАИШ ой- сана тұрғысынан қатты артта қалған, бірақ жаңа құралдарды пайдалану жағынан өте дамыған»  деді.

 

 

Тегтер