Аятолла Лариджани: Иран Батыстың адам құқығы туралы түсінігін қабылдамайды
Иран Сот билігінің төрағасы Иран ислам республикасының Батыстың адам құқығы туралы түсінігін қабылдамайтынын қуаттады.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сот билігінің төрағасы аятолла Садық Амоли Лариджани жексенбі күні Бағдадта Ирак соты жоғары кеңесінің төрағасы Медхат Махмудпен кездесуден кейін бірлескен ақпараттық отырысында: «Иран өзінің адам құқығы туралы ұсынысын ислам негіздемелері бойынша ұсынады. Батыстың адам құқығы туралы түсінігімен ісі жоқ» деді.
Аятолла Амоли Лариджани сондай- ақ Иран мен Ирак арасында қол қойылған меморандум туралы: «Екі ел қылмыскерлермен алмасу, сот саласындағы ынтымақтастық және халықаралық ұйымдарда ислам көзқарасы бойынша адам құқығын қорғау негіздерінде жақсы түсіністікке ие» деді.
Ирак соты жоғары кеңесінің төрағасы Медхат Махмуд та Иран мен Ирактың сот тақырыптары, лаңкестікпен күрес және адам құқығы туралы ортақ көзқарастарға ие екендігін айтты.
Ирак соты жоғары кеңесінің төрағасы Иранмен меморандумға қол қоюдың екі елдің сот саласындағы ынтымақтастығының кеңеюіне, лаңкестік, контрабандизм және ұйымдасқан қылмыспен күресуге, сондай- ақ ирактық соттардың Иранда білім алуына үміт білдірді.