Рухани Иран халқына алғыс айтты
ИИР Президенті жолдауында Иран халқының сайлауларға ықыласпен қатысуын дәріптеп: "Ислам Революциясы жетекшісінің нұсқаулары сіздердің, ұлы халықтың ерлік жасауымен жүзеге асырылды" деді.
ИИР Президенті Хасан Рухани сенбі күні кешке өз жолдауында: "Үкімет сайланатын әрбір өкілмен Иран және ирандықтар үшін үмітке толы әрі абыройлы болашақ жасау туралы шарт жасайды" деді.
Иран Президенітінің жолдауында Эксперттер мәжілісі сайлауының бесінші шақырылымы мен Ислам кеңесі мәжілісі сайлауының оныншы шақырылымы Иран халқының күш-құдіретінің паш етілуі және осы адал халықтың бейнесінің әлемдіктердің алдында тағы да жарқырауы үшін мүмкіндік болғаны қуатталды.
Иран Президенті, сонымен қатар, осы жолдауында барлық топтарға, түрлі талғамдағы адамдарға, саяси тұлғаларға, сондай-ақ, заңды түрде әрі ахлаққа негізделіп бәселекестікке түскен үміткерлерге, Сақшылар кеңесі мен Ішкі істер министрлігіне, атқарушы және бақылаушы органдарға, аппараттар мен ұйымдарға, ақпарат құралдары мен ақпарат тарату бөлімінің белсенділеріне, сондай-ақ, осындай ерлікті жасауда сындарлы рөл атқарған тәртіп сақтау саласының қызметкерлері мен қарулы күштерге алғыс білдірді.