Хашеми Рафсанджани: Лаңкестікпен түбегейлі түрде күресу қажет
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы: "Лаңкестерді түп-тамырымен жою үшін қисынды жоспар жасалмаса, лаңкестік вирус сияқты әлемнің барлық жерін ластап, қауіпсіздікті жояды" деді.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Акбар Хашеми Рафсанджани сенбі күні Теһранда Швейцария Президенті Йоханн Шнайдер-Амманнмен кездесуінде отаршылдық, озбырлық пен лаңкестікті «зұлымдық үшбұрышының» үш қыры деп атап: "Лаңкестер Азия мен Африканың түрлі бөліктерінде бейберекеттіктер тудырып, ауқымды қырғындар ұйымдастыруда.
Аймақтық елдер отаршылдық пен озбырлыққа наразы болғандықтан, лаңкестік топтар жастарды тартып, Ирак пен Сирия, тіпті Ливиядағы өздері басып алған аймақтардың мұнайынан түскен табысты пайдаланып, көптеген қару-жарақ сатып алды. Оларды түбегейлі жою оңайға соқпайды" деді.
Йоханн Шнайдер-Амманн барлық халықтардың алдында құрметке ие болып отырған Иранның мәдени және өркениеттік тарихына тоқталып, соңғы жылдардағы оқиғалар мен ядролық келіссөздерге сілтеме жасап, Швейцарияның Иранмен барлық салаларда қарым-қатынастарды кеңейтуді қалайтынын мәлімдеді.