Иранның Барлау министрі елде сайлау науқаны өткізілуден бұрын екі лаңкестік топтың анықталғанын хабарлады
Иранның Барлау министрі сайлаудың өткзілуімен тұспа-тұс лаңкестік әрекеттер жасамақ болған лаңкестік ағымдарға қатысты бірнеше кісінің ұсталғанын хабарлады.
Иранның Барлау министрі сейіт Махмуд Алави Теһранда өткен ақпарат отырысында: «8- ші ақпан, дүйсенбі күні елде сайлау науқаны өткізілуден 18 күн бұрын Иранның оңтүстік-шығыс шекараларында тәкфирлік топтарға қатысты адамдардың бірі анықталды. Ол кісінің ықтиярында жарылғыш заттар мен лаңкестік амалдарда қолданылатын жабдықтар болды» деп мәлімдеді.
Иран студенттерінің ақпарат агенттігі ИСНА- ның хабарлауынша, Алави осы жабдықтарға сілтеме жасап, аталмыш лаңкестің қолында автокөлікке ілу арқылы лаңкестік амал жасау үшін қолданылатын магниттік бомбаның болғанын айтты.
Иранның батыстағы шекаралық аймақтарын бақылау ісінде түрлі аппараттардың Барлау министрлігімен ынтымақтастық жасағанын баяндаған Иранның Барлау министрі: «Өткен аптада 24- ші ақпан, сәрсенбі күні де төрт кісіден тұратын бір лаңкестік топ анықталды. Олардың қолында жанкештілік амалдар үшін көптеген жабдықтар, соның ішінде 6 кеудеше, жарылғыш ұнтақ және т.б заттар болды. Соның барлығын олар сайлау күндері халықтың қауіпсіздігін бұзатын амалдар жасауға даярлаған болатын» деді.