Иранның экономикасы аймақ мемлекеттерінің арасындағы ең тұрақты экономика
Иран үкіметінің баспасөз хатшысы Мұхаммад Бақер Ноубахт Халықаралық Ақша қорының мәліметі бойынша Иран экономикасының аймақтағы мұнай ресурстарына бай мемлекеттердің арасындағы ең тұрақты экономика екендігін мәлімдеді.
Иран үкіметінің баспасөз хатшысы сейсенбі күні Теһранда журналистерге берген сұхбатта: «Қазіргі жағдайда Иран сынды санкциялармен кезікпеген, әсіресе аймақтың мұнайға бай мемлекеттері мұнай бағасының төмендеуімен кезігіп отыр. Сауд Арабиясы сынды мұнайға бай мемлекеттер шетел валютасының облигацияларын қарыз алуға пайдалануға мәжбүр. Сауд Арабиясы шетелдік валюталық нарықтан 67 миллиард доллардан астам қарыз алды. Мұндай жағдайда Иранның валюталық және экономикалық нарығында салыстырмалы түрдегі тұрақтылық орнатылған» деді.
Иран үкіметінің баспасөз хатшысы сонымен бірге Иран мен Airbus әуе компаниясының лизингтік компаниялардың бірімен 18 Airbus ұшағын сатып алу келісімі туралы айтқан сөзінде тағы басқа бірнеше компанияның да Теһранға өз шарттарын жариялағанын хабарлады.