Зангане: Шетелдік компаниялар Иранға инвестиция салуға күмәнданбасын
Иранның Мұнай министрі халықаралық компанияларды Иранның мұнай өнеркәсібіне инвестиция салуға күмәнданбауға шақырды.
SHANA ақпарат арнасының мәліметі бойынша Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане сейсенбі күні Иранның ұлттық мұнай компаниясы мен Францияның Total компаниясы Оңтүстік Парс кешенін дамыту туралы келісімге қол қойған кезде Total компаниясын Иранның мұнай өнеркәсібіне бірінші қадам басқан компаниялардың бірі деп атап, Қытайдың CNPC Ұлттық мұнай компаниясының да Оңтүстік Парс кешенінің 11-ші фазасын дамытуға қатысатынын мәлім етті.
Зангане жаңа мұнай келісімдерінің Иранның мұнай және газ шығару мүмкіндіктерін арттыруға әсер ететіндігіне үміт білдіріп: «Иран әлемдік нарықтағы өз үлесін сақтап қалу үшін бұл жолда нәтижеге жеткізетін шарттардың бірі – өнімді шығару мөлшерін сақтап қалуға талпыныс жасауда»,- деп қуаттады.
Сейсенбі күні Иранның Мұнай министрінің қатысуымен құны 4 миллиард 800 миллион долларға бағаланған Оңтүстік Парс кешенінің 11-ші фазасын дамыту жобасына қатысты негізгі келісімге Иранның Ұлттық мұнай компаниясы мен Францияның Total, Қытайдың CNPC Ұлттық мұнай компаниясы және ирандық Петропарс компаниясынан құрылған консорциум қол қойды.