«Siemens» компаниясының тәркіленген жабдықтары Иранға енгізілді
"Оңтүстік Парстың 17 және 18- ші фазаларын дамыту" жобасының жүргізушісі Германияның «Siemens» компаниясының тәркіленген алғашқы жүгінің босатылғанын хабарлады.
Иранның халықаралық «Хабар» арнасының ақпарат тарату торабының мәлімдеуінше, «Оңтүстік Парстың 17 және 18- ші фазаларын дамыту» жобасының жүргізушісі Хасан Буиери Оңтүстік Парстың 17 және 18- ші фазаларына қажетті компрессорлар мен турбиналардың алғашқы тиелімінің Иранға енгізілгенін хабарлады.
Буиери Иранның Мұнай министрлігінің германиялық «Siemens» компаниясымен осы компанияның жүктерін тәркілеуден босату негізіндегі санкциядан кейінгі кездегі келіссөздеріне тоқталып: «Оңтүстік Парстың жабдықтары мен тауарлары соңғы үш жылда санкцияларға байланысты БАӘ- нің Жебал Әли айлағы мен Голландияда тәркіленген болатын. Енді сол жабдықтар Иран Мұнай министрлігінің «Siemens» компаниясының басшыларымен келіссөздер жүргізуінің нәтижесінде Иранға енгізілді» деді.
Санкция салынған кезде кейбір мұнай жабдықтарын, соның ішінде Оңтүстік Парс фазаларының компрессорларын жөнелтуді бұғаттаған «Siemens» компаниясы санкциялардың күші жойылғаннан кейін іле- шала соны тапсыруға әзірлік танытты.
Оңтүстік Парс газ кеніші Парсы Шығанағында Иран мен Катардың теңіз территориясында орналасқан әлемдегі ең ірі газ кеніші болып табылады.