Қар 10, 2016 08:14 Asia/Almaty
  • Стаффан де Мистура алдағы аптада Теһранға келеді

Иран СІМ- нің араб және африкалық елдері ісі бойынша орынбасары БҰҰ бас хатшысының Сирия ісі жөніндегі арнайы өкілінің алдағы аптада Теһранға сапармен келетінін хабарлады.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран СІМ- нің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасары Садық Хосейн Джабери Ансари сейсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында БҰҰ бас хатшысының Сирия ісі жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистураның өз өтініші бойынша алдағы аптада Теһранға сапармен келетінін мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Теһранның Сирия дағдарысын шешу үшін түрлі елдермен кеңесіп жатқанын және аймақтағы әртүрлі елдермен, соның ішінде кейбір халықаралық алпауыт елдермен екі жақты және көп жақты отырыстар өткізетінін айтты. 

 

 

Тегтер