Иран Мазаре Шарифте орын алған лаңкестік шабуылды айыптады
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Ауғанстанның Мазаре Шариф қаласындағы Германия консулдығының алдында орын алған лаңкестік жарылыс лаңкестікпен шынайы түрде күресу үшін әлемдік консенсусты бұрынғыдан көбірек арттырудың қажеттігін көрсетті" деді.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми ондаған адамның өлімі мен жаралануына себеп болған Ауғанстанның Мазаре Шариф қаласында Германияның консулдығы алдында бейсенбі күні кешке орын аған лаңкестік шабуылды айыптаумен қатар: "Ауғанстандағы дипломатиялық мекендерге шабуыл жасау лаңкестік топтар мен осы ел халқы дұшпандарының байланысын аңғартады" деді.
СІМ-нің ақараттық дипломатия бас кеңсесінің мәлімдеуінше, Ғасеми Мазаре Шарифтегі лаңкестік оқиғада құрбан болғандардың отбасыларына көңіл айтумен қатар: "Бүгін әлемдік қауымдастық лаңкестік пен тәкфіршіл топтардың қылмыстарымен күресуге қатысты өзінің тарихи жауапкершілігін орындауы керек" деді.
Иранның СІМ-нің ақпарат хатшысы Ауғанстандағы лаңкестік амалдардың мақсатын осы елдегі бөгделердің құзырын арттыру деп атап, әлемнің кез келген жеріндегі дипломатиялық мекендердің қорғалуы қажеттігін қуаттады.