Зариф Трампқа ескерту жасады
(last modified Sat, 12 Nov 2016 09:05:13 GMT )
Қар 12, 2016 15:05 Asia/Almaty
  • Зариф Трампқа ескерту жасады

Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ-ның "Ортақ қадам" бағдарламасындағы міндеттерін бұзған жағдайға Иранның өзінің варианттарының бар екенін айтты.

"Әл-Алам" хабар арнасының мәлімдеуінше екі күн бұрын АҚШ-ты "Ортақ қадам" бағдарламасының жүзеге асырылуына жауапты деп атаған Зариф жұма күні Прагада: "Иран келісілген жайттарды жүзеге асырды. Өкінішке орай, Америка Құрама Штаттарының тіпті қазіргі үкіметі де келісілген жайттарды толығымен жүзеге асырмай отыр. Бірақ біз "Ортақ қадам" бағдарламасының барлығы үшін тиімді әрі жақсы келісім екендігіне сенімдіміз. Біз "Ортақ қадамды" таңдап отырмыз. Бірақ бұл біздің басқа шарамыз жоқ деген мағынаны білдірмейді" деді.

ИИР президенті Хасан Рухани да Дональд Трамптың сөздеріне реакция білдіріп, "Ортақ қадам" бағарламасының БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі бекіткен бір қарар екенін және оның бір үкіметтің шешімімен өзгермейтінін қуаттады.

АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп сайлауалды үгіт-насихаттарының бас кезінде "Ортақ қадам" бағдарламасын жыртып тастайтынын айтқан болатын. Ол біраз уақыттан кейін бұл бағдарламаны қайта қарау қажет екенін  айтты.