Ғасеми: Иранның әскери күштері барлық әрекетті бақылауда ұстап отыр
(last modified Sat, 12 Nov 2016 15:51:53 GMT )
Қар 12, 2016 21:51 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Иранның әскери күштері барлық әрекетті бақылауда ұстап отыр

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Иранның әскери күштерінің Парсы Шығанағындағы барлық өзгеріс пен әрекетті қадағалап отырғанын қуаттады.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Иранның құзырлы аппараттары мен ұйымдарының барлығының кез-келген ықтималды шапқыншылыққа тосқауыл қоюда және Иранның теңіз бен құрлық шекарасын қорғауда бірдей саясат пен тиісті үйлесімділікке ие екендігін мәлімдеді.

Бахрам Ғасеми Иранның патрульдік қайықтарының америкалық кемелермен бетпе-бет келуінің артуы және Вашингтон басшыларының Иран мен Американың тайталасу ықтималы негізіндегі уәждері жөнінде айтқан сөзінде кейбір Батыс ақпарат құралдарының зорайтып көрсететін көптеген оқиғаларын олардың әдеттегі істері деп атады.

Ғасеми бөгде әскери күштердің Парсы Шығанағында болуына сілтеме жасап, Иран әскери күштерінің осы аймақта орын алатын кез- келген өзгеріс пен әрекетті бақылауда ұстап отырғанын ескертіп: «Егер бөгде күштер Иран шекараларының маңына жақындап, қаскүнемдік танытса, оларға қатаң қатынас көрсетіледі» деді.