Де Мистура Теһранда Зарифтің орынбасарымен кеңесті
(last modified Sat, 12 Nov 2016 16:24:02 GMT )
Қар 12, 2016 22:24 Asia/Almaty
  • Де Мистура Теһранда Зарифтің орынбасарымен кеңесті

БҰҰ Бас хатшысының Сирия ісі бойынша арнайы өкілі Иран Сыртқы істер министрінің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасарымен кездесіп, сұхбаттасты.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Джабери Ансари осы кездесуде БҰҰ-нан Сирия дағдарысына байланысты әрекеттерінде бейтарап ұстанымды сақтауды сұрады. Джабери Ансари осы ұйымның Сирия халқына көмек көрсету және лаңкестерге тосқауыл қоюы керектігін баса айтып, Сирия үшін жарқын болашақ пен осы елді қазіргі дағдарыстан шығаруға алғышарт әзірлеу үшін саяси шешім жолдарын ұстану қажеттігін қуаттап: «Біз Алеппоның шығысы мен батысындағы кез- келген қылмыс пен қырғынды айыптаймыз. Қала халқы мен лаңкестік топтарды Алепподан шығару туралы өз ұсынысымызды әлі қарастырып жатырмыз» деді.