Қар 14, 2016 08:34 Asia/Almaty
  • Иран ислам кеңесінің мәжілісі Париж келісімшартының негізгі жобасын қолдады

Иран ислам кеңесі мәжілісінің депутаттары қоршаған орта және ластаушылар мен улы газдарға тосқауыл қою негізіндегі Париж келісімшартының негізгі жобасын қолдады.

ИРНА-ның хабарлауынша, президенттің орынбасары әрі Иранның Қоршаған ортаны қорғау ұйымының төрайымы Масуме Эбтекар ислам кеңесі мәжілісінің жексенбі күнгі ашық отырысында Париж келісімшарты жобасын қолдауда үкіметтің өкілі ретінде Париж жобасының республикалық сипатқа да ие екендігін баяндап, Иранның экономикасы мен экологиясының ұзақ жылдар бойы энергияны тұтынудың қате үлгісінен зардап шегіп келе жатқанын, Иранның улы газдарды тарату бойынша әлем бойынша 9-шы орында тұрғанын мәлімдеп, Иранда энергияның Еуропаға қарағанда көбірек тұтынылатынын айтты.

Иранның Қоршаған ортаны қорғау ұйымының төрайымы Иранның Париж келісімшартына қосылып жатқан әлемдегі 106-шы ел екендігін және Иран ислам республикасынан өз мүддесін қорғау үшін әлемдік қауымдастықпен бір бағытта жақсы қадамдар жасайтындығы күтілетіндігін қуаттады.

 

 

 

Тегтер