Сақшылар корпусы Иран халқының сайлауға жаппай қатысуына алғыс айтты
Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы Иран халқының Ислам Кеңесінің Мәжілісі мен Эксперттер Мәжілісінің сайлауына жаппай қатысуына алғыс айтты.
Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы жексенбі күнгі жолдауында: «Иран халқының Эксперттер Мәжілісінің 5-ші шақырылымы мен Ислам Кеңесі Мәжілісінің 10-шы шақырылымының сайлауларына жаппай қатысу ерлігі ирандықтардың Ислам революциясының мақсаттары мен құндылықтарына табанды болуы мен Ислам революциясының жетекшісіне және Ислам республикасының жүйесіне адалдықтарының көрінісі болып табылады.
Иран халқының Ислам мен Ислам революциясының АҚШ басқарған дұшпандарын үмітсіздендірудегі ерік-жігері мақтан тұтарлық.
Иран халқының сайлаған адамдары ғиззат, айбын, ұлттық тәуелсіздікті қорғау және исламдық Иранның дамуын жалғастыруға талпыныс жасап, үстемшіл жүйені өзінің зияткерлігі және қырағылығымен жеңеді»,- деді.