Иранның мұнай өнеркәсібі санкцияларға дейінгі деңгейге жетті
(last modified Mon, 14 Nov 2016 09:19:40 GMT )
Қар 14, 2016 15:19 Asia/Almaty
  • Иранның мұнай өнеркәсібі санкцияларға дейінгі деңгейге жетті

ИИР-ның президенті Иранның мұнай өнеркәсібінің қысқа мерзім ішінде санкциялардан бұрынғы деңгейіне қайта оралуының әлемдіктердің таңданысын тудырғанын айтты.

Иран президент әкімшілігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ИИР президенті Хасан Рухани жексенбі күні Иранның оңтүстік-батысындағы Хузистан облысындағы Карунның батысындағы мұнай алаңдарын кеңейту жобаларын іске қосу рәсімдерінде Карунның батысында күніне 300 мың баррель мөлшерінде мұнай өндрілетіндініне тоқталып: "Инвестиция мен технологияны тарту арқылы бұл өндіріс мөлшерін күніне 1 миллион баррельге жеткізу керек" деді.

Рухани санкциялардан кейінгі Иранның дамуы үшін  әлемнің нақты технологияларын пайдалану қажеттігін баса айтып: "Иран үкіметі жаңа технологиялардың көмегімен Хузистан облысының мұнай көздерін пайдалануды көздейді" деді.

Йадаваран мен Солтүстік Азадеган алаңдарын кеңейту жобаларының бірінші фазалары мен Солтүстік Йаран алаңын дамыту жобасы жексенбі күні Иран президентінің қатысуымен ашылды.

Сонымен қатар Иран президенті Хасан Руханидің қатысуымен тұсаукесері өткен Хузистан облысындағы Шаламче шекаралық бекетінің жаңа залы  күніне 50 мыңнан астам жолаушыны қабылдау мүмкіндігіне ие.

Рухани сондай-ақ Шаламче шәһидтерінің ескерткішіне барып, Хосейннің қырқы-«арбағин» рәсімдеріне қатысуға жол тартқан зияратшыларды Шаламче шекаралық бекетінен шығарып салды.