Зариф Иран мен Венгрияның ортақ ұстанымдарын қуаттады
(last modified Mon, 14 Nov 2016 09:29:40 GMT )
Қар 14, 2016 15:29 Asia/Almaty
  • Зариф Иран мен Венгрияның ортақ ұстанымдарын қуаттады

Иран Сыртқы істер министрі ИИР мен Венгрияның аймақтық және әлемдік маңызды мәселелер мен өзгерістерге қатысты көзқарастары мен ұстанымдарын ұқсас деп атады.

Иран СІМ-нің ақпараттық дипломатия бас кеңсесінің мәлімдеуінше, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Теһранда Венгрияның Ұлттық жиналысының спикері Ласло Кёвермен кездесуінде екі елдің аймақтық және халықаралық мәселелерде ұқсас көзқарастарға ие екендігін, осы жайттың мәселелерді шешуге көмектесетіндігін мәлімдеді.

Иранның Сыртқы істер министрі Еуропаның аймақ пен әлемнің қазіргі жағдайында белсендірек рөл атқаруын маңызды деп атап: "Бүгін сабырлық таныту мен күту саясаты әлемдік мәселелерді шеше алмайды. Дағдарыстарды тоқтату үшін әрекет ету керек" деді.

Венгрияның Ұлттық жиналысының спикері де Будапешттің Теһранды өзінің стратегиялық серіктесі санап, барлық экономикалық, саяси, ғылыми және мәдени салалардағы мықты ел Иранмен байланыстарды кеңейтуге әзірлігін мәлімдеп, «Ортақ қадам" бағдарламасын барлығы үшін пайдалы деп атап: "Оның жүзеге асырылуына ешнәрсе кедергі болмауы керек. Иранның өзінің барлық міндеттерін орындағаны сынды басқа тараптар да өз міндеттеріне берік болуы керек" деді.