Қар 15, 2016 17:05 Asia/Almaty
  • Ядролық келісімді бұзу мүмкін емес

ИИР Вице-президенті Исхақ Джахангири «Дүниежүзі үкіметтерінің Иранға қызығушылық білдіруіне байланысты ешбір адам ядролық келісімді бұза алмайды»,- деді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Исхақ Джахангири дүйсенбі күні Керман облысының оңтүстігінде өткен бір шарада: «Иран мен әлемнің алпауыт үкіметтерінің арасындағы ядролық келісімі АҚШ Президентінің өзгеруімен проблемамен кезікпейді. Ядролық келісімнен кейін басқа санкциялардың күші жойылуы керек. Иран ядролық келісімге сәйкес жолын жалғастырады. Ешбір адам, тіпті АҚШ-тың сайланған президенті  Трамп та бұл келісімді бұза алмайды»,- деп баса айтты.

Иранның Вице-президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін Иранның әртүрлі салаларда дамып, алға ілгерілегені туралы хабарлады.

 

 

Тегтер