Қар 15, 2016 18:17 Asia/Almaty
  • Арбағин шеруі – әлем шиіттері айбынының көрінісі

Иранның Жоғары Соты арбағин шеруін бүгінгі әлемдегі шиіттердің айбынының көрінісі деп атады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иранның Жоғары Соты аятолла Садық Амоли Лариджани дүйсенбі күні Иран Сотының жоғары лауазымды қайраткерлерінің отырысында имам Хусейн (ғ.с.)-ның қырқы-«арбағин» шеруінің саяси және қауіпсіздік тұрғыларына тоқталып: «Кейбір елдер  лаңкестік пен ваххабизмді тарату үшін үлкен қаржы жұмсап отырған әлемде бұл рәсімнің өткізілуі шиіттердің идеологиясының ақыл мен қисынға сай екендігін көрсетеді. Сауд Арабиясы қажылық рәсімін дұрыс басқара алмай отырған жағдайда жыл сайын «Арбағин» күні Кербалада қажылыққа жиналатын жамағаттан бірнеше есе артық халық жиналып, аталмыш рәсімді  қауіпсіздікте өткізеді»,- деп баса айтты.

Амоли Лариджани сонымен бірге АҚШ президенттік сайлауының нәтижесін тілге тиек етіп: «Бұл нәтиже АҚШ пен Батыс мемлекеттерінің қоғамын теңселтіп кетті. Өйткені бұл елдің халқы мемлекет басшыларын жемқор әрі АҚШ-тың бақытсыздығына себепкер деп санайтын адамға дауыс берді»,- деді.

 

 

Тегтер