Ислам революциясы жетекшісінің Исфаһан халқымен кездесуінде жасаған баяндамасы
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні таңертең Исфаһан қаласының мыңдаған тұрғынымен кездесуінде сөйлеген сөзінде: «Әлемде АҚШ-тың президенттік сайлауының нәтижесіне қайғырып немесе шаттанып отырған кейбіреулерге керісінше, біз оған қайғырмаймыз да, шаттанбаймыз да, өйткені біз үшін бәрібір. Біз Алланың мейір-шапағатымен кез-келген ықтималды оқиғамен бетпе-бет келуге дайынбыз»,-деді.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні таңертең Исфаһан қаласының мыңдаған тұрғынымен кездесуінде сөйлеген сөзінде: «Әлемде АҚШ-тың президенттік сайлауының нәтижесіне қайғырып немесе шаттанып отырған кейбіреулерге керісінше, біз оған қайғырмаймыз да, шаттанбаймыз да, өйткені біз үшін бәрібір. Біз Алланың мейір-шапағатымен кез-келген ықтималды оқиғамен бетпе-бет келуге дайынбыз»,-деді.
Хазірет аятолла Хаменеи АҚШ-тың президенттік сайлауында көтерілген мәселелердің соңғы жылдар бойы әрдайым айтылып келе жатқан сөздер екенін, бірақ кейбіреулердің оны қабылдағысы келмегенін айтып: «Біз бұл сайлау туралы төрелік жасамаймыз, өйткені АҚШ – сол АҚШ. Соңғы 37 жылдың ішінде үкімет басына келген екі партияның ешқайсысынан еш қайыр көрген жоқпыз. Әрдайым олар Иран халқымен жауласып келеді»,-деді.
Ислам революциясының жетекшісі Иран халқының АҚШ-тың үстемдігіне қарсы табандылығының негізгі тетігі ретіндегі қарсыласу экономикасы бағытында қозғалу, ғылыми даму, ішкі бірлік пен біртұтастықты сақтауды маңызды да қажетті принциптер деп атап: «Әртүрлі сынақтар осал тұстарды тану, оларды жою немесе мықты тұстарға айналдыруға мүмкіндік береді»,-деп баса айтты.
Иран халқы революцияның арман-мақсаттарына сүйене отырып АҚШ-тың қоқан-лоққылары мен қысымдарына шыдады. Аймақтың қазіргі жағдайы мына ақиқатты көрсетеді: егер көрегендік пен қырағылық болмаса, АҚШ-тың үстемшіл жүйесінің айла-шарғылары дұрыс түсінілмесе, осы ел тарапынан тигізілетін зиян ауыр болады. Мұндай жағдайда қауіпсіздікті сақтау басты бағдар болып табылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірнеше шарт болуы қажет: солардың бірі – экономикалық қауіпсіздікті сақтау үшін күш-қабілетті арттыру, қоршаған орта мен сын-қатерлерді жеткілікті деңгейде тану. Бұл таным өткен жылдарда бұрынғы тәжірибелерге байланысты дамып, «жұмсақ» күшке айналды. ИИР-ның «жұмсақ» күші АҚШ-тың болмысын тану мен үстемшіл күштерге сенбеуден туындады. Бұл рационалды ойлау мен тәжірибенің нәтижесі. АҚШ-тың Ислам революциясынан кейінгі ұзақ жылдар бойы Иранмен жауластығы ядролық келіссөздерде байқалып, енді «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін АҚШ-тың сайлауында көтерілген мәселелерден көрініс тауып отыр. Осы тұрғыдан Ислам революциясы жетекшісінің сөздері Ислам революциясының арман-мақсаттарын нығайтуға әсер ететін маңызды элемент болып табылады.
Басқа жағынан АҚШ-тағы сайлауалды науқанында әдеттен тыс оқиғалар мен қарым-қатынастардың орын алуы, АҚШ саясаткерлерінің ақлақтық және әлеуметтік құндылықтарды аяқ асты етуі Батыс қоғамының, әсіресе АҚШ-тың рухани дүниелерден қаншалықты алшақтап кеткенін тағы бір рет көрсетті. АҚШ-тың басшылары осы елдің алдамшы әрекеттерінен туындаған Таяу Шығыс аймағының қазіргі жағдайы мен әлемнің үдеп бара жатқан алаңдаушылығын өздерінің жұртты алдайтын үгіт-насихаттарының негізі етіп алды. Осындай жағдайда АҚШ-тың өзі көптеген қиыншылықтарға ұшырап отыр. Осы сайлаудың екі үміткері сайлауалды дебаттарында бір-бірін аталмыш қиыншылықтарға жауапты етіп көрсетуге талпыныс жасады.
Осы мәселелерге жалпы шолу жасағанда әлемдік алпауыттардың, солардың басында АҚШ-тың шектен тыс талап етуші саясаттарын осы елдегі ішкі және сыртқы қиыншылықтардың басты факторы деп атау қажет. Осы тұрғыдан Ислам революциясының жетекшісі: «Иран үшін АҚШ-та өткен сайлаудың нәтижесі маңызды емес, өйткені Иран халқы Алланың мейір-шапағатымен кез-келген ықтималды оқиғамен бетпе-бет келуге дайын»,-деп еске салды. АҚШ пен ішкі іске араласушы алпауыттардың шектен тыс талапшылдықтары жалғаса беретін болса, оларға төтеп берудің жалғыз жолының табандылық пен революциялық күрес болатындығы күмәнсіз.