Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен Хосейннің қырқы-"арбағин" күні аза тұту рәсімдері өтті
Хазірет Абу Абдолла әл-Хосейнді (ғ.с.) жақтаушы студенттер хазірет пен оның адал серіктерінің шәһид болуының қырқы-«арбағин» күні Ислам революциясының жетекшісінің қатысуымен аза тұту рәсімдерін өткізді.
Ислам революциясынің жетекшісі кеңсесінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Иран студенттерінің аза тұту рәсімдерінде худжат ул-ислам уа әл-муслемин Панахиан қоғамның ең басты қажеттілігін исламдық басқаруға негізделген жоғарғы ұйымдарды құру, мүміндердің діни, саяси, экономикалық, мәдени және әлеуметтік байланыстары мен өзара қарым-қатынасын нығайту деп атап: "Студенттік топтар исламдық басқаруға негізделген жоғары құрылымдардың табысты үлгісі болып табылады" деді.
Худжат ул-ислам уа әл-муслемин Панахиан Хосейннің қырқы-"арбағин" ерлігі мен Хосейнді жақтаушылардың миллиондаған құзырының ең басты сабағын мұсылмандардың велаят пен имаматқа негізделген ұйымдастырылған жиыны деп атап: "Осындай рухтың өмірдің барлық салаларына таралуы және мүміндердің әріптестігі мен жанпидалығы негізінде қоғамда тілеулестік тудыру исламдық қоғамның мәселелерін шеше алады" деді.