Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықтық ерікті күштерді қабылдауында сөйлеген сөзі
Иран ислам революциясының мәртебелі жетекшісі 10 жылдық санкцияларды ұзартуды «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын бұзу деп атады.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла улузма Хаменеи Иранның халықтық ерікті күштерінің бір топ қолбасшылары мен осы күштің мүшелерін қабылдауда АҚШ Конгресінде 10 жылдық санкциялар заңының ұзартылуына сілтеме жасап: «Американың қазіргі үкіметі ядролық келісім мәселесінде осы уақытқа дейін көптеген бұрмалаушылықтарға жол берді. Соның ең соңғысы 10 жылдық санкцияларды ұзарту болып табылады.
Егер осы санкциялар күшіне енгізілсе, олар «Ортақ қадам» келісімін бұзған саналады. Олар ислам республикасының тисті реакция көрсететінін білуі керек» деді.
Ол ислам республикасының басшылары мен ядролық келісімнің мақсатын қысымдар мен санкцияларды жою деген мәлімдемелеріне сілтеме жасап: «Ядролық келісім немесе «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы Иран халқы мен мемлекетіне қысым жасаудың құралына айналмауы керек.
Иран халықтың құзырының күшіне деген сенімге иек арту арқылы әлемде ешбір елден сескенбейді» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сондай-ақ Хосейннің қырқы-«арбағиннің» салтанатты шеруін тілге тиек етіп: «Халықтың осы шеруге миллиондап қатысуы көрегенділікпен қатар болған махаббат пен тартымдылықтың белгісі» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи Ирак халқына зияратшыларды күтуі үшін алғыс айтып: «Кейбіреулер «арбағин» рәсімін жоюды немесе оны бұрмалауды мақсат етуде, бірақ олар табысқа жетпейді. Иран мен Ирак халықтары үшін осы ұлы нығметтің баянды болып, олардың абыройы мен мақтаныштарына себеп болатындығы даусыз» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи аймақтағы кейбір елдердің Иранның халықтық ерікті күштері – «Басиджді» үлгі тұтуына және дұшпанның осы үлгі-өнегеге соққы беру үшін жоспар құруына сілтеме жасап: «Дұшпанның жоспарларының бірі «ықпал ету» деген аса маңызды тақырып болып табылады. Соңғы бір жылдан астам уақыт ішінде оған қатысты талай рет ескерту жасалды» деді.